
11 тамызда ВАЗ-2121 көлігін басқарған оны ауыл көшесінде патрульдік полиция тобының қызметкерлері тексеру үшін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларына жергілікті көлік жақсы таныс, бұл көліктің иесі 2020 жылы 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған болатын. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкоголь иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру масаңдық дәрежесін растады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың санкциясына сәйкес бұрын көлік басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлік құралын басқаруы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ұсталғанға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда, көлік арнайы тұраққа қойылды.
– Кейбір жүргізушілердің жолдағы жауапкерсіздігі, сот шешімін елемей, спирттік ішімдік ішкеннен кейін қайта рөльге отыру барлық жол қозғалысының қатысушыларына қауіп төндіру болып саналады. 7 айда СҚО жолдарында мас жүргізушілердің кінәсынан 4 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. Масаң күйде көлікпен жүру фактісінің жолын кесу – патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің басым міндеттерінің бірі, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығы Айдын Байматов.
Жыл басынан СҚО полицейлері ҚР ҚК 346-бабы бойынша 36 факті тіркеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО