Полицейлер патрульдік полиция бекетінде бастауыш сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырды

Полицейлер патрульдік полиция бекетінде бастауыш сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырды

Патрульдік полицейлер мен мұғалімдер балаларға арнап полиция бекетіне экскурсия ұйымдастырды. Отыз шақты қыздар мен балалар полицейлердің киім-кешегімен, техникалық құралдарымен танысты, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін толықтырды.

«Шеп» бөгет жүйесінің «Оңтүстік» стационарлық бекеті Петропавл қаласынан шығар жолда орналасқан. Бұнда тәулік бойы патрульдік полиция жасақтары кезекшілік атқарады. Жұмыс күні түс ауа «Дарын» мектеп-лицейінің 1-2 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге, тәртіп сақшыларының жұмысымен жақын танысу үшін, бекетке келді.

Полицейлер экскурсияға жан-жақты дайындалды, СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Елдар Қошығұлов сигналды дауыс зорайтқыш құрылғысының, электрондық планшеттің, көлік терезесіндегі реңктің тығыздығын өлшейтін құрылғының, тасымалданатын терминалдың жұмыс істеу принциптерін көрсетті. Балалар құрылғылардың әр тетігіне қатысты сұрақтарын қойды, әсіресе патрульдік көліктің тюнингіне ерекше қызығушылық танытты. Жыл басынан батальон автомашиналары, қала көшелерін бірден төрт камераға түсіру мүмкіндігі бар, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды бейнетіркеудің Streamax заманауи жүйелерімен жабдықталғанын естеріңізге саламыз. Мектеп оқушылары патрульдік көлік ішінде сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғысын, камера пультін іс жүзінде қолданып көрді.

... Республикалық автожолға көрініс ашылатын стационарлық бекеттің екінші қабатында мұғалімдер жол қозғалысы ережелері бойынша мазмұнды сабақ өткізді. Балаларға бағдаршамның сигналдары, сондай-ақ жолды кесіп өту ережелері жайлы толық айтып берді.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыштың сөзінше, балаларды жол-көлік жарақатынан ескерту – жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен жүргізілетін жыл сайынғы профилактикалық іс-шаралар кешенінің басымды міндеттерінің бірі болып табылады. Оқу жылы ішінде ювеналдық және патрульдік полицейлер мектептерде «дөңгелек үстелдер», дәрістер өткізеді, жазғы демалысқа шығар алдында – «Қауіпсіз дөңгелек» жол қозғалысы жас инспекторларының дәстүрлі байқауын ұйымдастырады. Өткен жылғы 12 айда СҚО аумағында балалардың қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 3 адам қайтыс болып, 57-сі түрлі дәрежедегі жарақат алған.

СҚО ПД баспасөз қызметі