1500–ден астам адам Солтүстік Қазақстан облысы полиция басшысының өңір халқы алдында есеп беру кездесуіне қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі есепті бейнеконференц байланысы режимінде және әлеуметтік желілердің аккаунтарындағы тікелей эфирде тыңдады. Ашықтық, қол жетімділік, жеделдікке мүмкіндік жасайтын осындай жаңа «құлақ асатын» формат шалғайдағы аудан тұрғындарының көңілінен шықты, олар бейне көпір аясында толғандырған мәселелеріне жауап ала алды.

Халық алдында СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев есеп берді. «Өткен жылы 6382 қылмыс тіркелді. Қылмыс деңгейі 7,4 пайызға төмендеді. Адам өлтірудің, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің, қарақшылық шабуылдың, қорқытып алудың, ұрлық пен тонаудың саны азайды. Жасөспірімдер қылмысының саны 28 пайызға кеміді»,- деп ақпараттандырды ведомство басшысы. Сондай-ақ, алаяқтық қылмысының өршіп тұрғаны алаңдатандығы жайлы да айтып кетті. Аталған қылмыстың жартысынан көбі Интернет арқылы жасалған. Талдау көрсеткендей, негізінен онлайн-несиелерді ресімдейтін немесе ғаламтор арқылы тауар сатып алатын 18 бен 35 жас аралығындағы белсенді желі қолданушылары қылмыс құрбанына айналады. ПД бастығы осындай қылмыстық қолсұғушылықтардың алдын алу шараларына тоқталып кетті.
Есептік кездесу ашық диалог форматында жалғасты, оның барысында халықты алаңдататын қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. ПИК төрайымы Лариса Винокурованың айтуынша, көппәтерлі үйлердің тұрғындары подъездерде бейнебақылау жүйесін орнатуды жоспарлауда. «Біздің жұмысымызда заманауи техникалық құралдарды қолдану маңызды тірек болып табылады. Бейнебақылау жүйесін пайдалану нәтижесінде ашылған қылмыстардың саны артуда», - деп қылмысты ашу мен алдын алуға көмек көрсеткен қалалықтарға алғысын білдірді Марат Төлебаев.
Консультативтік-кеңесші органның мүшесі Бақытжан Сәмиева тәулікке жалға берілетін пәтерлерге қатысты алаңдатушылығын білдірді. Қала тұрғындары мазалайтын пәтер жалдаушыларға наразы. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар аулаға көліктерді заңсыз қою, кіреберістерде темекі шегу мәселелерін де қарастырды. Облыстың бас полицейі түсініктеме беріп, нақты жағдайларға құқықтық баға берді. Сонымен қатар, Марат Сағынтайұлы халыққа көші-қон заңнамасына, қылмыстық кодекске, әкімшілік тәжірибе заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы айтты. Барлық материалдар бейне графикамен сүйемелденді.
СҚО ПД баспасөз қызметі