
СҚО-да қаңтар айында 460 жаяу жүргінші жол жүрісі ережесін бұзған. Өткен жылмен салыстырғанда бұзушылықтар едәуір азайған, былтырғы жылдың ұқсас кезеңінде 725 солтүстікқазақстандық ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Жаяу жүргіншілердің және өзге де жол жүрісіне қатысушылардың қозғалыс ережесін бұзу» 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Десек те, жаяу жүргіншілердің тәртібін жоғары дей алмаймыз.
«Барлық жағдайлар дерлік – белгіленбеген жерде жолды кесіп өту, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамұқов. - - Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер, келе жатқан көліктің бар-жоғына көз жеткізу үшін жан-жағына қарауды да естерінен шығарады, тіпті телефон құлаққаптарын тағып алып, өздерін автомобильдердің сигналдарын есту мүмкіндігінен айырады. Автомобиль төмен жылдамдықпен келе жатқанның өзінде, әсіресе қыс кезінде оның кілт тоқтуы мүмкін еместігін жаяу жүргіншілер естен шығармағаны жөн. Жаяу жүргіншілер жол жүрісі ережелерін бұза отырып, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен шектеліп қана қоймай, өзінің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өмірі мен денсаулығын қатерге тігеді».
ҚР ЖЖҚ 3-бөлімі 3-тармағына сәйкес көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады. Жолдың жүру бөлігін елді мекенде бөлу жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілер немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде жаяу жүргінші өткелдерінен тыс кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
Көбіне жаяу жүргіншілер көлік легі жиі жерлерде ЖЖҚ бұзады. Мұндай жағдай Петропавлда «Алтын арман» және «Тайга» базарларына іргелес көшелерде орын алады. Құқық бұзушылар реттелетін өту жолдары тым алыс дегенді желеу етеді. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің орналасуы мемлекетаралық стандартпен реттелген. Олардың арақашықтығы 200 метрден кем болмауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелі жол бұрылысына, дүкендердің алдынан, мекемелердің, мектептер және сол сияқтылардың кіреберісінен 40 метр жақын жерде болмауы қажет.
Өткен жылы СҚО-да жаяу жүргіншілердің кінәсынан 31 ЖКО болған, онда 3 адам қайтыс болып, 34-і жарақат алған (зардап шеккендердің арасында көлік жүргізушілері мен жолаушылар). Орын алған 7 жағдайда жаяу жүргіншілер масаң күйде болған.
СҚО ПД баспасөз қызметі