Салауатты өмір салтын ұстанған ауыл: СҚО-да ауыл тұрғындары ащы судан бас тартқан

Салауатты өмір салтын ұстанған ауыл: СҚО-да ауыл тұрғындары ащы судан бас тартқан

Отбасылық жанжалдар, бұзақылық, жол-көлік оқиғалары - бұзушылықтардың көпшілігі ащы судың кесірінен орын алып жатады. Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – учаскелік инспекторлардың міндеттерінің бірі. Бұл үнемі бақылауды және жауап беруге дайын болуды қажет ететін қызу жұмыс.

Тайынша ауданында, Петропавлдан 170 шақырым жерде Теңдік ауылы орналасқан. Онда 300-ден астам адам тұрады. Ауылдың өзге ауылдардан ерекшелігі - оның тұрғындары бәрі бір ауыздан спирттік ішімдікті ішуден бас тартқан. Осы бастаманың арқасында соңғы жылдары аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар, мас күйінде жасалған жол – көлік оқиғалары орын алмаған.

Теңдік ауылдық округіне учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Жамбыл Қайыров қызмет көрсетеді. Округтің құрамына Теңдіктен басқа, Қантемір және Котовское ауылдары кіреді. Учаскелік полиция инспекторының жұмысы аз емес, ауыл тұрғындарының құқықтық тәртібін, қауіпсіздігі мен тыныштығын үнемі сақтау қажет. Бұл ретте, Теңдік а. ащы су ішпейтін тұрғындары полицияның шұғыл араласуын қажет ететін сұрақтарымен ең аз жүгінеді.

Теңдік ауылдық округінің әкімі Ержан Қасқұлақовтың айтуынша, Теңдік ауылында спирттік ішімдіктер сатылмайды. Жастар футболмен айналысады: ЖШС мектеп жанында заманауи футзал алаңын салды. Ауыл тұрғындары жұмысқа орналасты.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыты құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады, қазір полиция күштік жұмыстан халықпен өзара тығыз әріптестікке негізделген жұмыстың сервистік моделіне көшуде, өйткені қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемаларын жергілікті қоғамдастықтың белсенді жәрдемдесуімен ғана тиімді шешуге болады. Теңдік ауылында бес жыл ішінде бір ғана қылмыс: тауарлық-материалдық құндылықтардың ұрлығы тіркелген. Бұдан бөлек, бұл ауылда полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдар жоқ.

СҚО – да 289 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады, олардың 201-і аудандарда, қалғандары Петропавл қаласында. Жыл басынан бері учаскелік инспекторлар мыңнан астам қылмысты ашты, оның ішінде 581-і - ұрлық. 38 308 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 7 200-ден астам құқық бұзушы қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін жауапкершілікке тартылды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО