
Бір жылға бас бостандығынан айыру және өмір бойына көлік құралын басқаруға тыйым салу – көп жағдайда бұрын басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілерге қатысты қолданатын жаза. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Осындай фактілерді анықтау – полиция жұмысындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл міндеттің орындалуы қозғалыс қауіпсіздігіне ғана емес, қоғамның құқықтық санасына да әсер етеді. Заң талаптарын қасақана елемейтіндерге қатаң шаралар қолданылады.
Өткен жылы 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған Ғ.Мүсірепов ат. ауданның 35 жастағы тұрғыны өзінің «Daewoo Nexia» көлігінің рөліне қайта отырған. Полицейлер оны дәмхананың маңынан ұстаған, ол онда спирттік ішімдік ішкен. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотталды, бірақ бұдан өзіне ешқандай қорытынды жасамаған, бостандыққа шыққаннан кейін автокөлігін қайта пайдалана бастаған. 2022 жылы полицейлер оны масаң күйде ұстады. Тәртіп сақшылары оның өмір бойына басқару құқығынан айырылғаны туралы білген. Шілде айында сот ер адамды қатаң жазаға – 2,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
«Адамдар сот үкіміне немқұрайлық танытып, көлік құралының рөліне қайта масаң күйде отырады, өздеріне және айналасындағы адамдарға қауіп төндіреді. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің айлығы шеңберінде күнделікті жұмыс кезінде сияқты полиция қызметкерлері көлікті масаң күйде басқару фактілеріне баса назар аударады. Жалпы жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлердің өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша 47 факті болған, қаңтар айынан аталған бап бойынша 26 адам сотталған», - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО