
Мамлют ауданының ПБ қызметкерлерімен велосипедшіні қағып, оқиға орнынан жасырынған күдікті ұсталды. 7 тамызда Мамлют ауданының полиция бөліміне Қостанай – Мамлютка автожолында Мамлютка қаласынан 3 км жерде 51 жастағы Воскресеновка ауылы тұрғынының мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері УАЗ автокөлігінің 45 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын анықтады.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тіркелді. Ұсталған күдікті қамауға алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО