Петропавл қаласында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1000-нан аса құқық бұзушылық анықталды

Петропавл қаласында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1000-нан аса құқық бұзушылық анықталды

Құқық бұзушылықтардың ең кең тараған түрінің бірі -  отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық болып табылады. Кейбір әйел адамдар осындай жағдайларда өздерін қалай қорғауын білмейді, сондықтан полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Петропавл қаласында осы жылдың 7 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 10 қылмыс тіркелді. Құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 1187 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 123 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Отбасылық жанжалдарға қатысты 756 қорғаныс ұйғарымдары енгізіліп, жүріс-тұрысқа 159 ерекше талап белгіленді. ҚР ӘҚБтК 461-бабына сәйкес қорғау ұйғарымдарының талаптарын бұзғаны үшін 83 адам жауапкершілікке тартылды. Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының ұсынымдары бойынша 192 құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылды. Бұдан бөлек, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттерден зардап шеккендердің қауіпсіздігі үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу және тұру орталығына 5 әйел мен 3 бала орналастырылды.

Әйелі немесе күйеуі ішімдік ішетін отбасылар ерекше бақылауда. Осындай жағдайларда, сот шешімі бойынша полицейлер жанжалқойды маскүнемдіктен және нашақорлықтан емделу үшін 6 айдан астам мерзімге мамандандырылған медициналық мекемелерге жібереді, - дейді Петропавл қаласының ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

– Құрметті азаматтар! Егерде Сіз немесе Сіздердің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен болса – «102» жедел арнасына немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністеріне 8 (7152) 49-31-58; 8 (7152) 61-25-30 телефондары бойынша хабарласу керек немесе Telegram-арнасына хабарлама жіберуге болады. (https://t.me/mejdunamigovory). «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ дағдарыс орталығының сенім телефоны: 8 (7152) 46-13-26. Қоңырауларды қабылдау кезінде құпиялық қағидаты қатаң сақталады, бұл әйелдермен жұмыс жүргізу барысында белгілі болған деректерді жария етуге мүмкіндік бермейді».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО