СҚО полицейлері қаңтар айында интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 6 адам ұстады

СҚО полицейлері қаңтар айында интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен 6 адам ұстады

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы және Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық фактісі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, бұл ретте алаяқтың құрбаны Петропавл қ. тұрғыны 500 мың теңгеден айырылды. Алаяқ белгілі сценарий бойынша әрекет еткен. Жәбірленуші танымал сайттардың бірінде 1 млн. теңгеге «Мерседес» автокөлігі сатылатыны туралы хабарландыруға кезігеді. Хабарландырудағы нөмірге қоңырау шалып, сатушының қиын жағдайда болуына орай көлікті бұдан да арзан бағамен 500 мың теңгеге алуға болатынын және бұл соманы бірден шотқа аудару қажеттігі туралы естиді. Сенімге кіру үшін «сатушы» өзінің жеке куәлігінің суретін жіберген және Бурабайға жұмыспен кетіп қалғанын алға тартып, бетпе-бет кездесуден бас тартады. Аталған сома есепшотына түскеннен кейін «сатушы» байланысқа шықпай қояды...

Жәбірленуші Петропавл қ. ПБ жүгінді. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. «Алаяқтық» бойынша енгізілді. Күдіктіні анықтау жұмысы жүргізілуде.

«Жәбірленуші бұндай алаяқтық туралы естіген және алданып қалу мүмкіндігін жақсы түсінген,- деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Виталий Подчернин. – Бұндай жағдайлар аз емес. Бүгінгі таңда Интернет қолданушылардың басым бөлігі желідегі алаяқтықтың негізгі жолдары туралы біледі. Дей тұрғанымен, көп жағдайда қылмыскерлер аяныш тудыру, тауар басқа клиентті қызықтырғандықтан, шешім қабылдауға асықтыру сияқты психологиялық амал-тәсілдерді пайдалана отырып, сенімге кіреді. Клиент құрыққа түсіп, алаяқтың сценарийі бойынша әрекет етеді. Оның үстіне қылмыскерлер жеке құжаттарының фотоларын жіберіп, айласын асыра түседі. Бұндай әрекетке сенуге болмайды. Өкінішке орай, көп адамдар жеке мәліметтерді ешкімге жібермей, құпия ұстау қажеттігін ескермей жатады, себебі жеке куәлік суреті қылмыскердің қолына түсуі мүмкін. Аталған жағдайға кезіккен кезде сатушының түрін жеке куәліктегі фотомен салыстыру қажет, ол үшін бейне коңырау шалуды талап еткен жөн».

Жалпы қаңтар айында СҚО полицейлері 27 интернет-алаяқтық фактісін тіркеді. Қазіргі уақытта 8 факті бойынша 6 күдікті ұсталды. Оларды ұстау үшін полицейлерге Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Екібастұз, Чарск қалаларына іссапарға шығуға тура келді. 19 алақтық фактісінде қаскөйлер арам ойын белгілі хабарландыру сайттарында, әлеуметтік желіде тауар мен қызметтер үшін алдын ала төлем талап ету арқылы жүзеге асырды.

СҚО ПД баспасөз қызметі