СҚО полицейлеріне үш күннің ішінде шетелде есепте тұрған автокөліктің 50-ден астам иесі өз автомобильдерін уақытша тіркеуге қою жөнінде түсінік алу үшін келді. Көбінесе ресейлік автокөліктердің иелері жүгінуде. СҚО ПД процессингтік орталығы бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, 1 ақпаннан бастап шетелде есепте тұрған автомашиналарды уақытша тіркеуге қою басталды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік иелерінің барлық сұрақтарына жауап беру үшін уәкілетті органдардың қызметкерлері кезекшілік етуде. Сонымен қатар, 8-776-297-84-32 телефоны бойынша «қауырт желі» жұмыс істейді. Бүгінгі күні аталған нөмірге 20 солтүстікқазақстандық хабарласты.
Машинаны уақытша тіркеуге қою үшін көлік құралын заңды түрде сатып алғандығын растайтын, жеке басты куәландыратын құжаттардың, алғашқы тіркеуге төлем жасалғаны туралы түбіртек болуы қажет. Уақытша тіркеу мерзімі кезінде 2021 жылдың 1 наурызына дейін сары түсті нөмірлік белгі беріледі.
СҚО ПД баспасөз қызметі