Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы хабарлайды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы хабарлайды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде зейнетке шықпай, жұмыстан шыққан ішкі істер органдарының қатардағы және кіші басшы құрамның қызметкерлерінен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасына жүгінуді сұраймыз.

Жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және құқық қорғау органдарында қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылғандар еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Осы санатқа жататын азаматтар Петропавл қ., Алматы көшесі, 55 мекенжайындағы СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасына жүгінуі қажет.

Анықтама телефоны: 8 (7152) 61-26-37.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО