СҚО полицейлері шаңғымен жарыстан отбасылық эстафета өткізді

СҚО полицейлері шаңғымен жарыстан отбасылық эстафета өткізді

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде отбасылық спорттық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Бұрын эстафета жазда немесе спорт залында өткізілетін. Осы жолы аталған іс-шара Борки кентіндегі шаңғы жолында өтті. «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» эстафетасын полицейлер отбасылары қуана күтеді. Жарыстың жаңа форматы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының 95 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Жарыс жолына үш адамнан тұратын 21 отбасылық команда қатысты. Бірінші болып балалар 500 метрді бағындырды. Одан кейін шаңғыға аналары тұрып, бір километрге жүгірді. Эстафетаны шаңырақ иелері іліп әкетіп, 2 километр қашықтыққа шаңғы тепті. Мәреге бірінші болып Бағыттардың отбасы жетті. Ерлі-зайыптылардың екеуі де майор шеніндегі полиция қызметкерлері. Отағасы Демеу оқу-жаттығу взводында, отанасы Жұлдыз – СҚО ПД Процессингтік орталығында қызмет атқарады. Олардың 12 жастағы қызы Тамила 7-сыныпта оқиды. Оның да спортқа қызығушылығы бар. «Маған спорттық жарыстарға қатысқан ұнайды. Әкеміз бен анамыздың жұмысында осындай жарыс ұйымдастырылады дегенді естігенде қуана қабылдадық», - дейді Тамила.

Екінші орынды СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкері Саят Әбілқайыровтың отбасы екінші орынды иеленді. Үшін орын Қызылжар ауданының Полиция бөлімі мен Криминалдық полиция басқармаларының намысын қорғаған Әубәкіровтер отбасына бұйырды. Полиция қатарында ата-аналарының екеуі де қызмет атқаратын жұптар көп. Сондықтан ерекшеленген жұптар да сыйлықсыз қалмады. Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Ақпараттандыру және байланыс басқармасында қызмет атқарып жүрген Сергей мен Ольга Земскийлер 14 жастағы қыздары Каринамен бірге «Полицейлер отбасы» номинациясында көзге түсті. Айыртау ауданы Полиция бөлімінің қызметкері Данияр Таңсықбаевтың отбасы «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясында марапатталды. Жарыстың ең жас қатысушысы – Мағжан Жұмабаев ауданының учаскелік полиция инспекторының ұлы 8 жастағы Расул Жуманов та ұйымдастырушылардың қолынан сыйлық алды. Жарыстың кішкентай қатысушыларының барлығына да естелік сыйлықтар мен грамоталар бұйырды.

«Өңірімізде шаңғы спорты дамығандықтан, осындай жарыстарды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Мемлекетімізге дені сау, мықты отбасылар қажет. Сондықтан полиция ведомствосында осындай спорттық мерекелер өткізу үлкен маңызға ие. Олар үшін отбасымен бірге таза ауада демалыс күнін өткізу үшін бұл жақсы мүмкіндік», - деді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев жарысты аяқтау сөзінде.

СҚО ПД баспасөз қызметі