СҚО-да өткен жылы 11 жүргізуші «жедел жәрдем» және өрт сөндіру машиналарына жол бермеген

СҚО-да өткен жылы 11 жүргізуші «жедел жәрдем» және өрт сөндіру машиналарына жол бермеген

Петропавлда арнайы автокөліктерге жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша профлактикалық рейд өткізілді. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың жарқылдауық маягі мен дыбыстық сигналы қосылған «жедел жәрдем» автомашинасына жол беруін, не бермеуін байқау үшін соңынан ілесіп жүрді.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 598-бабы «Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралдарының жүруіне басымдық бермеу» тек айыппұл санкциясын қарастырады», - дейді Перопавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов. - Бұл апаттық жағдай тудыратын, жол қозғалысын өрескел бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар, «жедел жәрдем», өрт сөндіру және полиция машиналарының өтуіне жол бермеген жүргізуші арнайы қызметтердің көмегіне зәру жандардың өміріне қауіп төндіреді.

Қозғалыс кезінде жарқылдауық көк және (немесе) қызыл түсті маягі және арнаулы дыбыстық сигналы қосылған көлік құралдарына басымдылық жасалатынын полицейлер естеріңізге салады. Қазақстан Республикасының Жол жүрісі ережесінің 6-тарауы «Арнаулы сигналдарды қолдану» сәйкес, жүргізушілер осындай көліктерге, сонымен қатар оларды алып жүрген машиналарға да жол беруі тиіс. Жаяу жүргіншілер де (ЖЖЕ 3-тарауында олардың міндеттері көрсетілген) жол берулері қажет. Арнайы көліктердің жүргізушілері жол берілгендігіне көздерін жеткізгеннен кейін ғана басымдылықты пайдалана алады.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына уақытында келіп қана қоймай, сондай-ақ өздерінің жабдықтарында дайындаулары қажет. Кей кезде медицина қызметкерлеріне әр қасқағым сәт маңызды болады. Көлік жүргізушілері осыны естен шығармай, көшелерде кедергі келтірмеулері тиіс. Тәртіп сақшылары осы тақырыпты ұдайы қозғайтын бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілер әкімшіліктерінің ерекше рөлін атап өтуде.

Аталған рейд шеңберінде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ. Былтырғы жылы СҚО полицейлері шұғыл қызмет көрсететін қызметтердің арнайы автокөліктеріне жол бермеген жүргізушілерге қатысты 11 хаттама толтырған. Олардың 10-ы облыс орталығында орын алған болатын.

СҚО ПД баспасөз қызметі