СҚО ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның отырысында жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Григорий Тыш айтқандай, өткен жылы СҚО жолдарында жол жүрісі ережелерінің 70 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, 269 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Талдау көрсеткендей, ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарына жол беретін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігі негізгі себеп болып табылады. Көлік жүргізушілері тарапынан жылдамдық режимін асыру, қарсы бағытқа шығып кету, масаң күйде көлік басқару, рөлде келе жатып телефонмен сөйлесу сияқты бұзушылықтар жиі болып тұрады. Бұл ретте, республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдық режиміне бақылау жасау үшін 5 жылдамдық өлшегіш құралы орнатылды. Олар ескерту сипатында қойылған. СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев атап өткендей, патрульдік машиналарға орнатылған жаңа жүйе патрульдік полицияның жұмысына көп көмегін тигізуде. Шолу камералары құқық бұзушылықтарды анықтауға және қызметкерлердің өздерінің жемқорлыққа қарсы түсініктерін арттырудағы профилактикалық тетік болып табылады
Григорий Тыш апаттылық деңгейіне жол-көлік желісінің жай-күйі де әсер ететінін атап өтті. Өткен жылы полицейлер 1400-ден астам тексеріс жүргізді, нәтижесінде автожолдарды, техникалық құралдарды тиісті күтіп-ұстамағаны, жол қозғалысын тиісті түрде ұйымдастырғаны үшін 151 әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, биыл 25 хаттама толтырылды. Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі профилактикалық әлеуметтік роликті арнайы көрсете отыра, жаяу жүргінші өткелдеріне ерекше көңіл аударды. Ол жергілікті атқарушы органдарға барлық жаяу жүргінші өткелдерін түнде жарықтандыру қажеттігі туралы ұсыныс білдіруге бастамашылық етті. Көру шектеулі болуынан реттелмейтін жерлерді түнде кесіп өту қауіпті. Сонымен қатар, құқық бұзатын жаяу жүргіншілерді анықтау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап кетті. Өткен жылы ресми мәліметтер бойынша белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтудің 6 мыңнан астам фактісі анықталғанына қарамастан, оның бұдан әлдеқайда көп екендігін сеніммен айтты.

Отырысты қорытындылай келе, консультативтік-кеңесші органның мүшелері жалпы полиция мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының тиімділігін атап өтті.
СҚО ПД баспасөз қызметі