Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Есіл өзеніне мұз астына сүңгіп жаттығуда

Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Есіл өзеніне мұз астына сүңгіп жаттығуда

Сынап бағанасы 24 градус аязды көрсетіп тұрған кезде суық суға түсу. СҚО Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері қаңтар айы бойы мұз астына сүңгіп жаттығуда.

Суық суға кіру – әркімнің қолынан келе бермейді. Ол үшін жақсы дайындық қажет. Ал қалың мұздың астына, әсіресе, арнайы сүңгу костюмімен түсу нағыз сынақ десе де болады. Сондықтан экстремалды жағдайларда әрекет ете білу – арнайы бөліністердің қызметкерлеріне қойылатын талап. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың офицерлері Есіл өзеніндегі жаттығуларын қаңтар айының басынан өткізіп келеді. Ал, мұздай суға түспес бұрын Төтенше жағдайлар департаментінің тәжірибелі мамандары сақшылар үшін нұсқаулық өткізді.


«Полиция департаментінің қызметкерлері сүңгуірдің киімін киіп, мұз астына түсті. Суға түсу, мұз астында болу және сүңгуірдің мұз астынан шығуы сияқты жаттығуларды пысықтадық. Практикалық жаттығулар жақсы өтті. Қызметкерлер жаттығуларды толығымен меңгерді», - дейді СҚО ТЖД құтқару бөлінісінің құтқарушы-басшысы Сергей Черкасов.

Бұл жаттығулар оңай болып көрінгенімен, өзін-өзі ұстау, эмоцияны сақтай білу, қауіпсіздік техникасын ұстану секілді жасалатын бірқатар әрекеттер бар. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің айтуларынша, ең қиыны – мұз астында сабырлық сақтау, писхологиялық жағынан шыдау. Сондықтан бұл жаттығулардың тәуліктің кез келген уақытында, мезгілінде жауынгерлік және арнайы тапсырмаларды орындау кезінде көмегі зор.


«Арнайы жасақтың жауынгерлері осыған дейін ұшақтан парашютпен секіріп, жеңіл сүңгу жаттығуларынан өтті, медициналық көмек көрсетуді үйренді. Тіпті босандырып алу әдістерін меңгерді. Оқу-жаттығу курстары адамдарға кез келген жағдайда көмек көрсету үшін және жауынгерлік тапсырмаларды орындауын жетілдіру үшін өткізіледі», - дейді СҚО ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі полиция подполковнигі Ерік Құлжанов.

СҚО ПД баспасөз қызметі