СҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері облыс әкімдігінің Білім басқармасы 15 қаңтардан бастап 15 ақпан аралығында өткізіп жатқан «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясына қатысуда. Білім басқармасы қызметкерлерінің деректері бойынша СҚО-да 125 бірлік автокөлік бар, оның қызметін 1200-ге жуық мектеп оқушылары пайдалануда.
29 қаңтарда тәртіп сақшылары Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы «Парасат» мектебінде болып қайтты. Білім беру саласының қызметкерлері жол жүрісі ережелері біліміне арналған сынып сағатын өткізді, ал полицейлер Бескөл ауылының шетінде тұратын балаларды тасымалдайтын автобустың техникалық жай-күйін, салонда өртсқндіргіш пен дәрі қобдишасының, жүргізушіде қажетті құжаттардың бар-жоғын тексерді.
«Мектеп автобустары сәйкес келуі тиіс бірқатар талаптар бар, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Азамат Жамұқов. – «Балаларды тасымалдау» деген тану белгісі мен сары түсті жарқылдауық маягі болуы міндетті. Мұндай маяктар жүргізушілерге жол қозғалысының басқа да қатысушылары алдында артықшылық бермейді, тек ЖЖҚ 6-т. сәйкес кейбір жол белгілерінің талаптарын орындамауға рұқсат етіледі. Мысалы, жарқылдауық маягі іске қосылған мектеп автобусы «Тоқтауға тыйым салынған» белгісіне тоқтауға құқығы бар. Сондай-ақ ол басқа да көлік құралдары жүргізушілерінің назарын аудартатын белгі болып табылады».
Мектеп автобустарының жүргізушілерімен жол жүрісі қағидаларын бұзушылыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі. Білім беру мекемелерінің басшыларына патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің ілесіп жүруінсіз елді мекендердің шегінен тыс жерге балаларды тасымалдауға қатаң тыйым салынғанын естеріне салады. Өзара іс-қимыл жасау алгоритмі қатаң жазылған және мұқият сақталуы қажет. Жол қозғалысының жас қатысушыларының қауіпсіздігін сақтау – ЖПҚ бөліністері жұмысының ерекше бағыты болып табылады. Тәртіп сақшылары көліктердің легі жиілеген сәттерде білім беру ұйыммдарына жақын жолдарда кезекшілікті күшейтеді, акциялар мен жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізеді. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында полицейлер облыстың барлық аудандарындағы мектеп көліктерін тексеруді жоспарлауда.
СҚО ПД баспасөз қызметі