Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев «Береке» ықшам ауданының тұрғындары үшін көшпелі кездесу өткізіп, жеке сұрақтарымен қабылдады. Сондай-ақ, өңірдің бас полицейі Екінші қалалық полиция бөлімі бастығының есептік кездесуіне қатысты.
29 қаңтар күні № 25 мектепте облыстық полиция басшысының алдын ала жазылусыз азаматтарды қабылдауы туралы хабарландыру әлеуметтік желілерде жарияланды. Азаматтардың жеке сұрақтарын қарау үшін мектепке жетекші бөліністердің басшылары да жиналды. Кездесу барысында Марат Төлебаевтің жеке қабылдауында үш петропавлдық болып қайтты. Ал, мәжіліс залына шағын ауданның тұрғындары Екінші полиция бөлімі атқарған жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері туралы есепті тыңдау үшін жиналды. Вокзал ауданы, Жұмысшы кенті, «Береке» ықшам ауданы, орталықтың бір бөлігін қамтитын аумақта негізінен жеке сектор орналасқан. Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Руслан Сыздықовтың айтуынша, маскүнемдікке салыну, жұмыссыздық – қылмыстардың жасалуына негізгі себеп болады екен. «Қылмыстардың алдын алу және оларды ашу бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жалпы қылмыс деңгейінің 6,9 %-ға азаюына қол жеткізілді. Қылмыстардың жалпы ашылуы 53,4 %-ды құрады. Бопсалаудың, тонаулардың, бөтеннің мүлкін ұрлаудың және пәтер ұрлықтарының саны азайды», - деп хабарлады Руслан Сыздықов.
Қылмыстарды ескерту және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Негізгі жұмыс учаскелік полиция инспекторларының мойнында. Екінші полиция бөлімінің аумағында 4 учаскелік полиция пункті қызмет көрсетеді. «Учаскелік инспекторлар есепте тұрған тұлғалармен жұмыс жүргізуі тиіс. Ауыр қылмыстарды болдырмау үшін профилактикалық сипаттағы шараларды қолға алу қажет. 2020 жылды министріміз учаскелік полиция инспекторларының жылы деп жариялады. Кеше қаладағы бірқатар учаскелік полиция пункттеріне барып, ескертулер жасадым. Сіздер түскі уақытта да жұмыс істеп, азаматтарды қабылдауға тиіссіздер», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.
Азаматтарды есірткі қылмыстарының алдын алу, еріктілердің қатысуымен болатын іс-шараларды ұйымдастыру, жол қауіпсіздігі сияқты көптеген сұрақтар қызықтырды. «Береке» ықшам ауданының тұрғыны Евгений Медведев Назарбаев зияткерлік мектебінің алдындағы Досмұхамбетов пен Ухабов көшелерінің қиылысындағы көлік тұрағына қатысты сұрағымен келген. Көлік қозғалысы көбейген кезде бұл жерде жол-көлік оқиғасы қаупі артады екен. Марат Төлебаев әкімшілік полиция қызметкерлеріне аталған орынды тексеруді және патрульдік полиция жасақтарына осы учаскені бақылауға алуды тапсырды. Азаматтарды қабылдау және тұрғындар алдында есеп беру – ашықтық пен айқындық форматындағы жұмыстардың бір бөлігі. Осы сияқты көшпелі кездесу Солтүстік Қазақстан университетінің 1-ші корпусында қалалық Полиция басқармасы бастығының есептік кездесуі аясында 4 ақпан күні сағат 16.00-де өтеді. Жуырда осыған ұқсас шара Қазақ-мектеп гимназиясында да өтіп, Бірінші полиция бөлімінің бастығы есеп берді. Ендігі көшпелі кездесу Солтүстік Қазақстан университетінің 1-ші корпусында қалалық Полиция басқармасы бастығының есептік кездесуі аясында 4 ақпан күні сағат 16.00-де өтеді.
СҚО ПД баспасөз қызметі