29 қаңтар күні кешке облыс орталығының 2004, 2005 және 2006 жылы туған үш кәмелетке толмаған тұрғыны Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан Мұз қалашығындағы мұздан жасалған бірнеше мүсіндерді сындырған. Полиция қызметкерлері бейне камералардың көмегімен оларды анықтап, Петропавл қ. ПБ жеткізді. Бұзақылық фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша әкімшілік материал жиналды, осы баппен ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу көзделген. Аталған құқық бұзушылық бойынша материал Петропавл қ. әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарау үшін жолданады.
СҚО ПД баспасөз қызметі