Жолда көрсеткен көмектері үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер СҚО полицейлеріне алғыстарын жаудырды

Жолда көрсеткен көмектері үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер СҚО полицейлеріне алғыстарын жаудырды

«Ту сыртымнан жарығын түсірген машина тоқтай қалды. Такси тоқтаған екен ғой деп ойладым, қарасам патрульдік машина екен», - деп Петропавл қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде жазыпты. Ол постында, түнде әйелін перинаталдық орталыққа апарып, жаяу көшемен үйіне қайтар жолда бірде-бір адам кездеспегенін жазған. Ер адам үйінде телефонын ұмытып кеткен, сондықтан 20 градус аязда үйіне жаяу кетуге тура келген. «Олар қайдан келе жатқанымды сұрады, мен перзентханадан келе жатқанымды айттым. Менің айтқандарымның шындығына көздерін жеткізу үшін тағы бірнеше сұрақ қойды. Содан соң полиция қызметкерлері мені машинаға отырғызып, тұратын көшеме жеткізіп салды. Оларға осы үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Осындай қызметкерлердің бары қуантады. Өкінішке орай, машинаның нөмірін есіме сақтай алмадым. Шынымды айтсам, сол жерде ол туралы ойламадымда», - деп петропавлдық алғысын жазыпты.

Үш сағаттың ішінде осы пост 2 мыңнан аса лайк жинап, алғыс білдірген қалалықпен бірге солтүстікқазақстандықтар 100-ге тарта оң пікірлерін қалдырған. Ал, Есіл ауданында полицейлер Николаевка аулының тұрғыны Шален Тұрғынжанды аман алып қалды. Ол ағасын істен шыққан машинасына қосалқы бөлшек әкелгенше патрульдік машина отырып күткен. Техникалық ақауға байланысты машинаны басқара алмай, оның көлігі жолдан шығып кеткен. Сол автожолға патрульге шыққан полицейлер полиция кіші лейтенанттары Нұрсұлтан Аушахманов пен Азамат Шүкенов машинаны буксирлеуді ұйымдастырып, көмектескен (алғыс білдірген видео).

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полицейлері бұрғылау қондырғысын тасымалдаған «МАН» автомашинасының жүргізушілеріне көмек қолын созды. Дидар Дүйсембеков пен Жамболат Нағыманов жылы гаражға машинаны буксирлеп апаруға көмектесті. Қазір Жамбыл облысының тұрғындары қосалқы бөлшектердің жеткізілуін күтуде, содан соң көрші облысқа жолға шығады, онда осы техника кәсіпорын күтіп отыр.

СҚО ПД баспасөз қызметі