СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 800-ден аса қылмыс ашылды

СҚО-да қызметтік иттердің көмегімен 800-ден аса қылмыс ашылды

Бүгінгі таңда СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының қарамағында 25 ит бар. Оның 4-уі ізбен жұмыс істеуге, 4 – жарылғыш заттарды іздеуге үйретілген, ал 5-уі есірткі іздеумен айналысады. Тағы 2 ит одорологиялық сараптама, басқаша айтқанда, иіс бойынша іздеп табуға үйретілді.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл желісі аса өзекті. 2019 жылға арналған СҚО есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық бағдарламасының шеңберінде қызметтік иттерді синтетикалық есірткілерді іздеуге қосымша дайындау жұмысы қолға алынды. Үйренген дағдыларын іс жүзінде көрсетуде алғашқылардың бірі болып Белла лақап атты лабрадор қолданылды, ол өткен жылы «спайс» жасаушысы мен таратушысын ұстауға көмектесті.
Лабрадор Белла ішкі істер органдарына екі жыл бұрын әкелінді. Осы уақыт ішінде ол 150-ден аса сапаржай мен «Қазпошта» бөлімшелеріндегі кезекшілікке, жедел-іздестіру іс-шараларына тартылды. Кішкентай көмекшінің арқасында 10 есірткі қылмысы ашылды. Қызметінің үшінші жылында жақсы нәтиже көрсетті. Осы жылы Белла Петропавл қ. жер үйлердің бірінде аса ірі мөлшерде жалпы салмағы 5 гр. асатын үш түйіншек героин іздеп тапты.

«Жер үйде жүргізілетін іздестіру жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар, -деп түсіндірді Белламен жұмыс істейтін полиция лейтенанты Болат Бекмағамбетов. – Басты қиындық үйдегі жануарлардың иісі болды, бұл иіс алуға кедергі келтіреді. Аталған үйден бұдан басқа алкогольдің иісі де шығып тұрған. Дегенмен, Белла міндетін ойдағыдай атқарды, үйренген дағдылары өз нәтижесін берді...».

Дағдыларды бекіту мақсатында кинологтар түрлі жағдайда табиғи тітіркендіргіштерді қолдану, сондай-ақ өткізілетін сабақтардың орнын ауыстыру арқылы көшпелі жаттығуларды өткізеді. Жалпы 2019 жылы қызметтік-іздестіру иттері 22 есірткі қылмысын ашуға көмектесті. Олардың қатысуымен 80 кг есірткі заты, оның ішінде 4,09 гр. героин, 6,02 гр. синтетикалық есірткі алынды.

«Көп жағдайда қызметтік-іздестіру иттері мүліктік қылмыстарды ашуға көмектеседі, - деді СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығы бастығының міндетін атқарушы полиция капитаны Александр Анохин. - Өткен жылы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында қызметтік-іздестіру иттері 1359 рет қолданылды. Олардың көмегімен 869 қылмыс, оның ішінде 480 ұрлық, 28 тонау, 5 қарақшылық ашылды».

СҚО ПД баспасөз қызметі