СҚО полицейлерін велосипедшілердің тәртібі алаңдатады

СҚО полицейлерін  велосипедшілердің тәртібі алаңдатады

Жазғы мезгілде жолдағы велосипедшілер полицейлердің уайымына айналады.  Олар жол жүріс қағидасын толық сақтамайды, автоағымдағы жүргізушілер  оларға көңіл аудармайды.

14 шілде күні Петропавлда 55 жастағы велосипедші Потанина және Смирнов көшелерінің  қиылысында «Audi»  автокөлік доңғалағының  астында қалған. Оқиға нәтижесінде ол медициналық мекемеге жеткізілген. Басқа жағдайда, велосипедші Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жаяу жүретін жолда әйел адамды соғып кеткен. Қала тұрғынына медициналық жәрдем көрсетілді.   

Полицейлер еске салады: велосипедшілер жолдың оң жақ шетінде жүру керек. Оларға бір бағытта бірнеше жолағы бар жолдарда  солға бұруға болмайды. Маневр жасар алдында басқа жол қозғалыстың қатысушыларына дабыл қағып ескерту қажет.  Сондай-ақ жол  жүріс қағидаларында  велосипедшілер жаяу жүргіншілерге кедергі тудырмаса тратуар бойынша жүруге болады. Жол жүрісі үшін кедергі және қауіп туады. Велосипедшілер   көліктерінің рөлін  ұстап, оны жаяу жүріп өту керек. Осы жағдайда автокөлік жүргізушілерге олардың жолда бар екеніне әрекет жасауға оңай.

 «Велосипед басқаратын адам көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беретін қағидаларын сақтау керек, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр Розбах. – Барлық жол қозғалысына  қатысушылардың тәртібін жоғарлату – жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің профилактикалық жұмысының мақсаты. СҚО-да 19 шілдеден бастап 18 тамыз аралығында жол қауіпсіздігіне арналған айлық өтуде. Түсіндірме жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді, сонымен қатар күшейтілген рейдтер  өткізіледі. Жазғы мезгілде қала көшелерінде көп балалардың жүретінін ескеру қажет. Жас жүргіншілер және велосипедшілер жол қозғалыста ересектердің  тәртібін еліктейді. Бұл жолда өз тәртіптеріне жауапкершілікті қосымша арттырады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО