
Кейбір жасөспірімдер әсіресе демалыс кезінде өз бетімен шешім қабылдауға ұмтылады. Бұл олардың туған-туыстарын алаңдатуға және үйден кетуіне әкеп соғады. 11 маусым күні Петропавлда полиция күштері жоғалған 12 жастағы жасөспірімді іздеуге тартылды. Қала маңындағы ауылдардың тұрғыны баланы еріктілермен әлеуметтік желілерде таратылған бағдардан көріп таныған. Бала үйіне қайтарылды. Ювеналдық полицейлер оның тұрмыс жағдайын тексеріп, ата-анасы ол үшін қолынан келетінін жасап жатқанына көз жеткізген. Алайда, бала екі күннен кейін қайта үйінен кетіп қалған. Ауқымды тексеру жұмысы барысында ол Пестрое көлінің маңында табылды. Айта кететіні, 15 шілде күні дәл сол жерде полицейлер Түркістан облысының 16 жастағы тұрғынын тауып алған. Оның жоғалғаны туралы Шымкент қ. тұратын анасы хабарлаған. Жасөспірімнің үш кәмелетке толмаған баламен бірге елді аралауға шыққаны белгілі болды.
«Төртеуі де Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді, ата-аналарына олардың жүрген жері туралы хабарланды, - деп хабарлады Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов. - Кәмелетке толмағандардың тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтарды азайту үшін полицейлер ата-аналарды балаларына барынша көңіл бөлуге, олардың бос уақыттарын, таныстарын қадағалауға шақырады».
Шілденің 15-і мен 19-ы аралығында Петропавл қ. ювеналдық полицейлері «Қауіпсіз жаз» акциясын өткізуде. Тәртіп сақшылары тұрмысы қолайсыз отбасыларды тексеріп, жазғы лагерлерде профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Сондай-ақ, басты назарда – көңіл көтеру орындары, компьютерлік клубтар, жастардың жүретін жерлері. Рейдтердің кезінде жасөспірімдерге суға түсу, бейтаныс адамдармен сөйлесу ережелері, алаяқтық туралы жадынамалар және басқа да материалдар таратылуда. Акция барысында 7 қала тұрғыны кәмелетке толмағандардың түнде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені үшін жауапқа тартылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО