Петропавл полицейлері жоғалған үш жасар баланы анасына қайтарды

Петропавл полицейлері жоғалған үш жасар баланы анасына қайтарды

8 шілде күні кешке Береке шағын ауданындағы Петропавл қаласының тұрғыны көшеде ата-анасынсыз жүрген 3 жасар баланы байқаған. Ол дереу «102» арнасына жүгінді. Полицейлер баланы Петропавл қ. Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесіне жеткізді. Бала өз атын және мекенжайын айтпады. Полиция қызметкерлері тез арада еріктілерді хабардар етт. Ал олар әлеуметтік желілерде балаланың фотосуреті көрсетілген бағдарлар таратқан. Айта кету қажет, Петропавлда кәмелет жасына толмаған балалар із-түссіз жоғалған жағдайда тұрғындардың көпшілігі іздеу жұмыстарына белсенді қатысады. Полицияның еріктілермен тығыз қарым-қатынасы тағы да өзінің тиімділігін көрсетті: екі сағаттан кейін баласы үшін қатты алаңдаған анасы Полиция басқармасына келді. Ол жұмыста кідіргенін айтты. Бұл кезде бала үлкен әпкесімен қалыпты.

«Тәртіп сақшылары анасымен сөйлесіп, балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес берді», - Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Алла Бобарыкина. – Жыл басынан Петропавл полициясына кәмелетке толмағандардың жоғалуымен байланысты 58 арыз келіп түскен. Олардың барлығы кезекші тәулікте табылды».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО