Сауда кәсіпорны петропавлдық полицейлерге алғыс айтты

Сауда кәсіпорны петропавлдық полицейлерге алғыс айтты

СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың атына сауда кәсіпорындарының бірінің басшылығынан алғыс хат келіп түсті.

29 қараша күні түрлі жағдайлардың тоғысуынан тұтынушыға тауардың екі рет жеткізілуі орын алған. Белгісіз азаматқа қымбат бағалы кір жуғыш машина табыс етілген. Тауар ұшты-күйлі жоғалғандықтан, екі жұмысшы қаржылық жауапкершілікке тартыла жаздаған. Келтірілген шығынның орнын толтырудан бұл жұмысшыларды Петропавл қ. Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің қызметкерлері аға анықтаушы Әсел Ақтайлақова мен жедел уәкіл Шалқар Оразбаев арашалап қалды. Сондай-ақ, оларға жедел уәкілдер Қанат Орынбасаров пен Ғабит Әшкенов қосылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде артық жеткізілген тауарды алып кеткен қала тұрғыны анықталды. Ол буып-түйілген қалпында сақтаулы тұрған тауарды қайтарды.

«Тауардың табылуы полиция қызметкерлерінің дұрыс қойылған сауатты әрекеттерінің нәтижесінде мүмкін болды. Сондықтан Сізге және қызметкерлеріңізге алыс білдіреміз», - делінген хатта.

Тағы бір алғыс облыстық филармонияның басшылығынан келіп түсті. Хатта сақшылардың қыстыгүні жол үстінде филармония қызметкерлеріне көмек көрсеткені баяндалған.

Жексенбі күні Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимское ауылына филармонияның алты қызметкері мінген «ГАЗель» кетіп бара жатқан. Олар қажетті техниканы тиеп, мүмкіндігі шектеулі балалар мен мектеп оқушылары үшін ертеңгілік өткізбек болған. Сергеевка қаласының маңында олардың көліктерінен ақау шыққан. Жол бойында патрульдік автокөлікті көргендері филармония қызметкерлерінің есіне түсті. Сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісінен осы жағдай туралы полицейлерге хабарлауды сұрайды. Бірнеше минуттан соң полиция кіші лейтенанттары Қуандық Тоқбаев пен Мейрам Қазиев мінген патрульдік автокөлік те келіп жетті. Жол сақшылары жол бойында техникалық қызмет көрсету орындарының қайда орналасқанын жақсы біледі. Сондықтан олар қажетті қосалқы бөлшекті алып келуге және көлікті тез арада жөндеуге көмектесті. Автокөлікті қалпына келтірген соң полицейлер бірнеше шақырым бойы еріп отырды. Кейін учаскелеріне оралып, жолаушылардың жағдайын телефон арқылы біліп отырды. Ал, көптен күткен петропавлдық қонақтарды новоишимдік балалар қуана қарсы алыпты.
«Қызметтерін адал атқарып жүргендері және біздің қызметкерлерге көмек көрсеткені үшін полицейлерге зор алғыс білдіреміз. Полиция қызметкерлерінің кәсібилігін жоғары бағалаймыз», - дейді филармония директоры Ботагөз Ақмағамбетова.

СҚО ПД баспасөз қызметі