СҚО полицейлері көші-қон заңнамасындағы өзгерістерді түсіндірді

СҚО полицейлері көші-қон заңнамасындағы өзгерістерді түсіндірді

Шетелдік азаматтар Қазақстанда қанша күн жүре алады? Уақытша тұруға арналған рұқсатты қалай алады? Көші-қон қызметіне шетелдіктердің келгені туралы кім және қандай ақпарат беруі тиіс? – осындай сұрақтар СҚО ПД әлеуметтік желілердегі аккаунттарында өткен тікелей эфирлер кезінде солтүстікқазақстандықтар мен өңір меймандарынан келіп түсті. Ел аумағында 20 қаңтарда басталған «Жолда қабылдау» акциясы шеңберінде Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасындағы өзгерістерге қатысты мәселелер бойынша онлайн-диалогқа шықты.

Петропавл қаласының тұрғыны күйеуі Ресей Федерациясының азаматы екенін және заңды некеде бірнеше жыл тұрғанын айтты. Әйел өзі ҚР азаматшасы, жеке меншік үйі жоқ бола тұра, жарының уақытша тұруға рұқсат алу құқығы толғандырды. «Аталған жағдайда РФ азаматы рұқсат ала алады, оған негіз отбасын біріктіру болмақ. Басты шарты – некенің тіркелген мерзімі үш жылдан кем болмауы тиіс. Ал жеке тұрғын үйдің болмау мәселесін жалға алу шартын ресімдеумен шешуге болады», - деп түсіндірді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев.

Сонымен қатар, полицейлер, шетелдік қонақтарды қарсы алып жатқан қазақстандықтар үш жұмыс күн ішінде көші-қон қызметін хабардар етуі тиіс екендігін түсіндірді. Ал шетелдіктердің өздеріне уәкілетті органдарға бару қажеттілігі жоқ. «Хабарламаны қарсы алушы тарап толтырады, сондай-ақ визалық – көші-қон порталы арқылы хабардар етуге де болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы қажет», - дейді Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері.

Уақытша тұруға тіркелгісі келетін шетелдіктердің де көші-қон қызметіне келуі міндетті емес. Растайтын құжаттарды ұсыну арқылы, қонақ қарсы алып жатқан қазақстандықтар өздері тіркей алады. Жекелей алағанда, өздерін РФ азаматтарымыз деп таныстырған қолданушылар Қазақстанға жұмыс істеу үшін келгендерін айтты, сондай-ақ еңбек шартын толтырған. Олар УТР алу процедурасы жайлы толығырақ білгілері келді. Спикерлер айтып кеткендей, ол үшін еңбек шарты және жұмыс берушінің қолдаухаты қажет. Егер, ресейліктер кімде тұрып жатқандықтары жайлы көші-қон қызметіне хабарласа, еңбек шартында көрсетілген мерзім ішінде шетелдіктер елде қалу құқығын одан ары өздері ресімдей алады, бірақ бір жылдан артық мерзімге емес.

Полицейлер уақытша тұруға арналған рұқсаты жоқ шетелдіктердің уақытша болу мерзімі 180 күндік әрбір кезең ішінде 90 күнтізбелік күннен аспауы керектігін айтта кетті. 30 күннен астам елде болса, уақытша тұруға арналған рұқсат алуы немесе Қазақстанның шегінен тыс жерге шығуы қажет.

Онлайн хабарласу уақытында нақты жағдайлар қаралып, түсінік берілді. «Менің анам 83 жаста, ол әр 30 күн сайын шыға алмайды. Не істеу керек? Осындай сұрақ солтүстікқазақстандықтан келіп түсті. «Бұл жағдайда сіз бір жылға дейін уақытша тұруға арналған рұқсатты ресімдей аласыз, өйткені зейнеткерлер еңбекке қабілетсіз ата-аналар санатына жататындықтан, уақытша тұруға арналған рұқсатты алуға заңды құқығы бар», - деп түсінік берді Ермек Нұсырбаев.

Көші-қон заңнамасындағы жаңалықтарды кеңінен түсіндіру жұмысы барлық өңірлік БАҚ-та жүргізілді.

СҚО ПД баспасөз қызметі