
Өткен жылы Петропавлда көпқабатты үйлер мен өзге де үй-жайлардың қабырғаларына есірткі граффитилерін жазған төрт адам ұсталды. Олар ұсақ бұзақылық жасағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді жаңа заңнама бойынша осындай іс-әрекет үшін 11 қаңтардан бастап қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңнамадағы өзгерістер туралы брифинг пен СҚО ПД аккаунттарындағы әлеуметтік желілердің тікелей эфирінде ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков әңгімелеп берді. «Қылмыстық кодекске есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейтін жаңа 299-1-бабы енгізілді. Бұл баптың бірінші бөлімімен үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Егер бұл қылмыс адамдар тобымен, бірнеше рет, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде жасалса 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - дейді тергеушілер.

Заң шығарушылар мал ұрлығы үшін де жазаны күшейтті. Өткен жылы СҚО-да 92 мал ұрлығы тіркелді. Ұсталған барымшатылар 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК 188-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Мал ұрлығын кәсіп еткен қаскөйлер үшін Қылмыстық кодекстің жеке 188-1-бабымен 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қайрат Қасымбеков өзге де қылмыстар үшін шаралардың күшейтілгені туралы да айтты. Зорлағаны және Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, қаскөйлер бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен шектелген болатын. Бұдан басқа, зорлаушыға жәбірленушімен татуласуға мүмкіндік болмайды. Егер зорлау әрекеті жас балаға қатысты жасалса, онда қылмыскерлер 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тергеу басқармасының қызметкерлері браконьерлік, қорықшыларға шабуыл жасағаны, масаң күйде көлік басқарғаны немесе ЖКО жасағаны үшін жауапкершілікпен байланысты өзгерістерді түсіндірді. Сонымен қатар, СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев заңнамадағы енгізілген түзетулердің жұмысына қатысы бар ПД басқармаларының басшылығына халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. 11 қаңтардан бастап әкімшілік, қылмыстық, қылмыстық-процестік, көші-қон заңнамасындағы өзгерістер күшіне енгенін естеріңізге саламыз.
СҚО ПД баспасөз қызметі