СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтің жеке қабылдауында 380 адам болды

СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтің жеке қабылдауында 380 адам болды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ашықтық, айқындылық және халықты уақтылы ақпараттандыру мақсатында жүргізілетін жұмысты жетілдіруде. Осы саладағы негізгі бағыттардың бірі – полиция басшылығымен азаматтарды жеке қабылдау, сондай-ақ өтініштерді күнделікті қарау жұмысы болып табылады.

СҚО Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаеваның ақпараты бойынша 2019 жылғы 12 ай ішінде СҚО полицейлерінің қарауына 4464 өтініш келіп түскен. Сондай-ақ, жұмысқа орналасу және әлеуметтік салаға қатысты сұрақтардың өскені байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Полиция департаменті басшылығының жеке қабылдауында 578 азамат болған, оның ішіндегі 380 адамды СҚО Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев, қалғандарын орынбасарлары қабылдаған. Сондай-ақ, облыстың бас полицейі Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында 6 қабылдау өткізіп, 25 адамды қабылдады. Көп жағдайда адамдар тергеу, анықтау, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі бөліністерінің жұмысына қатысты сұрақтармен жүгінеді.
Облыстық полиция ведомствосы бастығы мен оның орынбасарларынан басқа азаматтарды апта сайын қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылығы да қабылдайды. 2019 жылы халықпен кездесуді ең көп Мағжан Жұмабаев ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі және Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастықтары өткізді.

Бұл ретте, Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев тағайындалғалы бері ауыл тұрғындары алдында 18 есеп беру кездесуі өткізіліп, 50 адам қабылданды.
Сонымен қатар, өтініштер электронды пошта арқылы да белсенді келіп түсуде, осы мақсатта Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаевтың блогі және ресми кіші портал жұмыс істейді. Оған бір жыл ішінде 30 астам хат келіп түскен. Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 маусымнан Facebook әлеуметтік желісінде солтүстікқазақстандық полиция басшысының жеке аккаунты ашылып, тұрақты түрде жаңартылып тұрады.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева Полиция департаменті басшылығының 2020 жылдың бірінші тоқсанына арналған азаматтарды қабылдау кестесі ведомствоның кіші порталында жарияланғанын атап өтті. СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев азаматтарды апта сайын сәрсенбі күні қабылдайды. Облыстың бас полицейінің жеке қабылдауына барам деушілер 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары бойынша жазыла алады.


29 қаңтар күні СҚО Полиция департаменті бастығының көшпелі қабылдауын өткізу жоспарланып отыр. Сағат 16-дан 17-ге дейін СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев, облыстық полиция аппараты бөліністері мен қызметтерінің басшылары, депутаттар Петропавл қ. № 25 орта мектебінде азаматтарды қабылдайды. Ықшам ауданның кез-келген тұрғыны ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша жүгіне алады.