Солтүстік Қазақстан облысының бас полицейі полиция полковнигі Марат Төлебаевтың Қоғамдық кеңес алдында берген есебі әсерлі әрі тартымды өтті. Ведомство көрсеткіштері ашық презентациялық слайд түрінде рет-ретімен көрсетілді. Полиция ведомствосы басшысының есебін сүйемелдеген ақпаратты тыңдаумен қатар, солтүстікқазақстандық полицияның сан қырлы жұмысын көзбен көруге мүмкіндік туды. Полиция жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізген, Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасының іске асырылуына ерекше назар аударылды. Қоғам өкілдеріне қалыптасқан азаматтарды қабылдау тәжірибесі және ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарды оңтайландырудың нәтижелері туралы айтылды.
Марат Төлебаев өңірдегі өзекті пробламаларды айта кетіп, бірнеше ұсыныс енгізді. Мал ұрлығы және синтетикалық есірткіні тарату проблемалары, мектептегі полиция инспекторларының штаттық санын көбейту қажеттілігі – барлық осы акпектілер қоғамның ерекше назарын талап етеді. Өңірдің Қоғамдық кеңес мүшелері өз кезегінде жергілікті атқарушы орган алдында елді мекендерді бейнебақылау жүйесімен жабдықтау мәселесін қоюды ұсынды және осы мәселеде қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Жыл басынан өзгерістерге ұшыраған заңнаманы түсіндіруге жауапты бөлініс басшыларының атына келіп түскен сұрақтарға жауап берілді. Бәрінен бұрын шетел азаматтарын тіркеудің жаңа қағидаларына қатысты көші-қон заңнамасындағы өзгерістер қызықтырды. Қоғамдық кеңес мүшелері шетелде есепте тұрған автокөліктерді тіркеу; бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды жұмысқа орналастыру; есірткіге тәуелді адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізу мәселелері бойынша толық түсінік алды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырлы Едіресов Полиция департаментінің қызметін оң бағалап, қоғамдық кеңес мүшелерінің өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі көмек көрсетуге әзір екендіктерін білдірді. «Полицияның көп қырлы жұмысы өңірде жақсы байқалады. Бұл тек қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғана емес, сондай-ақ спорт, мәдениет салаларындағы жетістіктерімен де белгілі. Халықпен кері байланыс жүйеге қойылған, Департамент жанында Консультативтік-кеңесші орган белсенді жұмыс істейді. Қылмыстың алдын алу мәселелеріне барлық азаматтық қоғамды тарту қажеттілігі туралы айтқан полиция полковнигі Марат Төлебаевты толығымен қолдаймын. Аталған бағытты бір жүйеге қою жалғыз полиция күшімен мүмкін емес. Бұл жерде кешенді тәсіл қажет…», -деп баса айтты Қоғамдық кеңес төрағасы.