
Қозғалыстың қауіпсіздігі көбіне жол-көлік инфрақұрылымының жағдайына байланысты. СҚО ПД әкімшілік полиция бөліністерінің қызметкерлері тұрақты түрде жол-көше желілерін тексереді, адамдардың өтініштеріне ден қояды. Өз құзыреті шегінде тәртіп сақшылары жолдарды күтіп-ұстауға байланысты туындайтын мәселелерді жедел шешуге тырысады. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжановтың айтуынша, сервистік полиция жұмысының маңызды аспектісі болып табылады.
Мәселен, Петропавл қ. «Гудок» саяжай қауымдастықтарының аумақтарында проблемалық жағдай туындаған. Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері жолды қысқартпақ болып, бұндай көліктерге арналмаған саяжай қауымдастығына апаратын жолмен жүріп, бүлдірген. Саяжайшылардың өтініштері бойынша полицейлер тыйым салатын жол белгілерін орнатқанымен, бұлар да, әкімшілік айыпұлдар да ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қатысты мәселені шешкен жоқ. Жол белгілері бүлініп, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтамаған. Маусым айының ортасында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, полицейлер жол белгілерін бүлдіруден, ал жолды ауыр жүк көліктерінен сақтау үшін проблемалы учаскеге бейнебақылау камерасын орнатты.
Барлығы жарты жылда полицейлер жол және коммуникация органдарымен бірлесіп, 1016 тексеріс жүргізді. 5800 км. астам жол тексерілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетін 1382 ақау анықталды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 638 анықтама берілді. Жергілікті атқарушы органдардың атына жол инфрақұрылымын дамыту бойынша 176 ақпарат жіберілді. Жол белгілерін жаңарту, жасанды бұдырлық салу бойынша жұмыс жүргізілуде, 500 тарта жол белгісі орнатылып, ауыстырылды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО