
27 маусым күні кешке Қаратал ауылдық округінің учаскелік инспекторы Высокое ауылының маңында атылған қарудың дыбысын естіген. Ол оқиға орнында 38 жастағы ер адамды анықтап, одан тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы қос ауызды мылтықты тәркілеген. Ер адамның айтуынша, бұл қауіпті затты ол туыстарының жерқоймасынан тауып алған екен. Қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, зерттелгеннен кейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы 1-бөлігі «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша қажетті шаралар қабылданады.
«Жыл басынан облыста ҚР ӘҚБтК 482-бабы бойынша заңсыз сақталған 62 қару айналымнан алынды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 484-бабы бойынша қаруды сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін 467 хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, азаматтық қаруды сақтау және қайта тіркеу ережелерін бұзудың 107 фактісі анықталды. Қаруды өз еркімен тапсыру акциясы кезінде 23 бірлік тапсырылды, - деп хабарлады СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Қаруды ішкі істер органдарына өз еркімен тапсыру, егер ол қылмыстық мақсатта пайдаланылмаған болса, заңсыз сақтағаны үшін жауапкершіліктен құтқаратыны туралы еске саламыз. Қару табылған жағдайда полицияға жүгіну немесе «102» нөміріне қоңырау шалу керек».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО