СҚО-да Қазақстан полициясының 30 жылдығын атап өтті

СҚО-да Қазақстан полициясының 30 жылдығын атап өтті

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай 50-ден аса солтүстікқазақстандық полицей марапатталды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері кәсіби мереке мен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиналыс өткізді.

Ішкі істер органдарының жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтау Жастар сарайында өтті. Өңірдің құқық қорғау органдары және күш құрылымдарымен бірге СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов полицейлерді құттықтады.

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов жеке құрам алдында сөз сөйлеп, барлық қазақстандық полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жауапты сәттерде түсіністікпен қарап, барынша қолдау көрсеткен қызметкерлердің отбасы мүшелеріне: ата-аналарына, жұбайлары мен балаларына ерекше алғысын білдірді.

Кәсіби мерекеде әріптестерінің және ардагерлердің зор қошеметімен облыстың 15 полиция қызметкері марапатталды. Олардың қатарында СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин қазақстандық полицияның 30 жылдығына орай «полиция полковнигі» арнаулы атағын мерзімінен бұрын алды. Сондай-ақ Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының орынбасары Әлнұр Ахмедьяров та «полиция подполковнигі» атағын мерзімінен бұрын қол жеткізді. Жеті адам облыс әкімінің құқығымен марапатталды. Оның ішінде Петропавл қ. Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Рүстем Тасболатов, СҚО Полиция департаменті КСБ аға инспекторы полиция подполковнигі Мақпал Жаменова, Айыртау ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Александр Несвитеев. Сондай-ақ, аумақтық полиция бөліністерінің қырық басшысы мен тәжірибелі қызметкері таңертең мерейтойлық медалдармен, басқа да наградалармен марапатталды.

Мереке күнінде полицейлер қызметтік парызын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алады. Милиция лейтенанты Александр Сергеев, полиция майоры Ерік Оспанов, полиция старшинасы Александр Гордеевтің жесірлеріне естелік сыйлықтар табыс етіледі. Айта кететіні, Гордеевтің ұлы Антон Гордеев әке ізін қуып, Жамбыл ауданы полиция бөлімінде полиция аға лейтенанты атағында қызмет атқаруда. Қазақстан полициясының 30 жылдығында ол облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталады.

Іс-шара СҚО Полиция департаменті Мәдени орталығының вокалдық тобы Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойының құрметіне арнайы әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.

#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО