Петропавлда полиция күні қарсаңында қалалық полицияның «тірек пункттері» бойынша баспасөз-туры өтті

Петропавлда полиция күні қарсаңында қалалық полицияның «тірек пункттері» бойынша баспасөз-туры өтті

Сервистік, ашықтық, айқындылық – Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Петропавлда қалалық Полиция басқармасының объектілері бойынша баспасөз-туры өтті.

Жедел басқару орталығы, жаңа учаскелік полиция пункті мен шеткі шағын аудандағы модульдік бекет – журналистерге басты жаңашылдықтар, сондай-ақ қазіргі заманғы полицияның техникалық функционалы көрсетілді.

Баспасөз-туры техникалық қамтамасыз етілумен және Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерімен танысудан басталды. Облыс орталығында 400 аса полицияның бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, олар халық көп жүретін қиылыстар мен басқа да қоғамдық орындарда орнатылған. Көше камераларына бәрі үйренсе де, алайда полицияның қызметтік үй-жайларындағы бейнебақылау камераларының тәулік бойы жұмыс істеуі – жаңа заман жаңалықтарының бірі. 1192 камера ішкі істер органдары әкімшілік ғимараттарының кабинеттері мен барлық учаскелік полиция пунктеріне орнатылды. Бұл ашықтық, айқындылық, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындаудың пәрменді тетігі болып табылады.

Журналистерге «102» мобильді қосымшасы жайлы мәлімет берілді. Бағдарламаны смартфонға App Store мен Google Play-ден жүктеуге болады; тіркелгеннен кейін кез келген уақытта бейне, аудио байланыс немесе мәтінді хабарлама арқылы полицейлермен хабарласуға болады. «102» қосымшасын пайдаланудың басымдылығы, әр өтініш ресми тіркеліп, олар бойынша шаралар қабылданады және жауап беріледі. Апта ішінде, орта есеппен СҚО полициясына онға жуық өтініш түседі. Олардың басым бөлігі Жол жүрісі қағидаларын бұзуға қатысты.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері келесі мекенжайдағы: Крылов к-сі, 43, «Жас өркен» шағын ауданында орналасқан № 4 заманауи учаскелік полиция пунктімен танысты. Петропавл қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, талған УПП жеті полиция қызметкері 25 мыңнан аса қала тұрғыны мекендейтін 12 мыңнан аса шаршы метр аумаққа қызмет көрсетеді. № 4 УПП ерекшелігі, ғимараттың екінші қабатында учаскелік инспекторлардың отбасына арналған тұрғын жай орналасқан.

Баспасөз-турының соңғы пункті Петропавл қаласының шет аумағы – Былғары зауыты шағын ауданында орналасқан стационарлық модульдік бекет болды. Жайлы, жылы үй-жай өткен жылдың соңында ашылды. Біріншіден, бұл бекет тұрғындарға өте ыңғайлы, бұрын олар бірнеше шақырым жердегі қаланың басқа ауданындағы полиция пунктіне баруларына тура келген-ді, енді полиция жасағы үнемі қолжетімді.

#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО