Синтетикалық есірткі сақтаған 19 жастағы солтүстікқазақстандық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Синтетикалық есірткі сақтаған 19 жастағы солтүстікқазақстандық бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полицейлер 19 жастағы солтүстікқазақстандықтан синтетикалық есірткі тәркіледі. Есірткі заттарын сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

30 сәуір күні Абай көшесінде ұстау жүзеге асырылды. Жедел іс-шаралар барысында СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Лада Гранта» автокөлігін тоқтатқан. Автокөліктің ішінен ақ түсті зат салынған пакет алынды. Сараптама алынған зат жалпы салмағы 63,25 грамм «скорость» синтетикалық есірткісі екенін көрсетті.

Есірткі қылмысын жасады деген күдікпен такси жолаушысы – Қызылжар ауданының тұрғыны ұсталды. Жүргізілген тергеу әрекеттері барысында ауыл тұрғыны бұрын есірткі жасырған орнынан жоғарыда аталған 20 грамм есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-б. «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баппен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам есірткі затын тәркіледі.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО