СҚО учаскелік полиция инспекторлары жоғалған малды иелеріне қайтарды

СҚО учаскелік полиция инспекторлары жоғалған малды иелеріне қайтарды

«Мамлют аудандық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары Әлібек Осипов пен Рустам Валиевке жылқыны іздестіруде жедел көмек көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді», – деп әлеуметтік желі арқылы Мамлют ауданы Дубровное ауылының тұрғыны өзінің ризашылығын білдірді. Маусымның 8-і күндіз шамамен сағат 12-де 50 жастағы ауыл тұрғынының жылқысы іс-түссіз жоғалып кеткен. Ер адам өзі іздеп, таба алмаған соң, келесі күні полицияға жүгінген. Сол күні полиция майорлары Новоукраинка ауылынан биені тапты – ауылдар арасындағы қашықтық 40 шақырым. 45 жастағы Октябрь ауылының тұрғыны да өз мәселесімен жалғыз қалған жоқ. Маусымның 9-ы күні ауыл тұрғыны 21 бас қойын жоғалтқан. Мал иесі полицейлермен бірге 3 күн бойы іздеген. Жедел іздестіру шараларының арқасында жануарлар Мамлют ауданындағы Ленино ауылынан табылды.

«Біз барлық солтүстікқазақстандықтарды өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Алдын алу әдістерінің бірі – жануарлардың орналасқан жерін бақылау үшін GPS-белгілерін пайдалану. Есіңізде болсын, қаңғыбас мал көп жағдайда мал ұрыларының құрбаны болады. Ұрлық орын алған жағдайда дереу 102 пультіне хабарласыңыз немесе учаскелік инспекторға хабарласыңыз, – дейді Мамлют аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО