
Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Ашық есіктер күні өтеді.
Қазақстан Конституциясы көшесі, 70 мекенжайы бойынша орналасқан СҚО ПД ғимаратының жанында облыс орталығының тұрғындары үшін полиция қызметкерлері арнайы техника, патрульдік автомашиналар, техникалық және арнайы құралдар, қару-жарақ, жауынгерлік киім-кешек, рациялар, радарлар, видеожетондар және т.б. қояды. Қала тұрғындары ведомстволық мұражайға, жедел басқару орталығына бара алады. Іс-шара 13 маусымда сағат 10.00-де басталады.
Қосымша ақпарат алу үшін Солтүстік Қазақстан полициясының @sqo_pd Instagram-дағы ресми аккаунтының direct-хабарламасына немесе 8-777-324-66-93 телефоны бойынша хабарласуға болады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО
#SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции