"Балалар жылы" шеңберінде

"Балалар жылы" шеңберінде

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде еліміздің аумақтық бөліністеріндегі тергеу және анықтау қызметкерлерінің балалары арасындағы шығармашылық конкурстың қорытындылары шығарылды. Конкурс ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша балаларды қорғау күніне орай, Балалар жылы аясында өткізілді.

Қайырымдылық, спорт, шығармашылық - жас қатысушылар ата-аналарымен бірге әр түрлі форматтарда өз шеберліктерін көрсетті.

3 маусымда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20-дан астам жеңімпаз елордаға іс-шараның салтанатты бөлігіне келді. Балалар ІІМ орталық аппаратына барып, мұражайға, жедел басқару орталығына экскурсия жасады. Сапар соңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Санжар Әділов полицейлердің балаларына сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында солтүстікқазақстандық балалар да бар. ІІМ алғыс хаттары Айыртау аудандық полиция бөлімінің тергеу бөліміне, Кішкенекөл ауылындағы қазақ мектеп-гимназиясының 3 "Ә" сынып оқушысы Шахмет Сәрсеновке, сондай-ақ СҚО ПД Анықтау басқармасы қызметкерінің алты жасар қызы Жасмин Асхатқызына берілді.

#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК # Полисия #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО