СҚО-да ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 400-ден астам әкімшілік материал жиналды

СҚО-да ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 400-ден астам әкімшілік материал жиналды

Петропавлда ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан алып кетпеген. Баланы тұрғылықты жеріне әкелген тәрбиеші пәтерлерінің есігі ашық тұрғанын байқап, полицияға хабарлайды. Келіп жеткен ювеналдық полиция қызметкерлері спирттік ішімдікке тойып алған ата-анасының балаларын ұмытып, ұйықтап жатқандарын анықтайды. «Пәтердің ішінде шашылған шөлмектер, - дейді Петропавл қ. ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Динара Мұқанова. Медициналық куәландыру көрсеткендей, қыздың ата-анасы алкогольдік масаң күйде болған». Аталған факті бойынша әкесі мен анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Сондай-ақ, Петропавл қ. әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына да материалдар жиналды. Айта кететіні, аталған ата-аналарға қатысты екінші құқық бұзушылық.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полициясы есебінде 242 тұрмысы төмен отбасы тұр. Биылғы жылы 26 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылса, 6-ның ата-ана құқығы шектелді. Ата-аналық міндеттерін орындамау фактілері бойынша 418 материал жиналды. «Кәмелетке толмағандарды қорғау, олардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету – полиция жұмысының басымды бағыттарының бірі. Өкінішке орай, балалардың барлығы отбастарында өздерін қауіпсіз сезінбейді. Қайғылы оқиға орын алмас үшін уақтылы шара қабылдау, спирттік ішімдік ішетін ата-аналарын дер кезінде дұрыс жолға салу біздің міндетіміз. Ата-ана құқығынан айыру – ақырғы мәжбүрлі шара»,- деп атап кетті СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Александр Розбах.
#ҚРІМ # МВДРК # КНИИМ # МВДРК #Полиция #Полиция #Полиция       #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО