СҚО-да трассада 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды

СҚО-да трассада 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды

Өткен жексенбі күні сағат 16.20 шамасында Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына бұрылыстан 10 шақырым жерде «VOLVO» жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалған. Алдын ала болжам бойынша, апат дөңгелегі істен шыққан соң орын алған. 36 тонна дизель отынын тасымалдаған 30 жасар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кішкенекөл ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына жол тартқан. Бұл жайында полицейлерге бір лекте кетіп бара жатқан әріптес жүргізушілері хабарлаған.

Жол-көлік оқиғасы орнына патрульдік полиция батальонының, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция жән төтенше жағдай қызметкерлері шыққан. «Жанар-жағармай басқа бензовозға құйылып, тиегіш көліктің көмегімен жолға көтерілді. Сағат кешкі он бірге қарай өрт сөндірушілермен бірлесе «VOLVO» Аққұдық ауылына жеткізілді», - дейді СҚО ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Сақтияр Ашмадьяров. – Жүк көлігінің жүргізушісі шамамен жеті сағаттай жолда тұрып қалған».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО