
Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстан Республикасының маңызды мерекелерінің бірі. Мереке қарсаңында Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бағдат Мұқанова СҚО Полиция департаментінің қызметкерлері үшін мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңыздылығы туралы дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимн елдің саяси тәуелсіздігі мен егемендігінің бейнесі болып табылады.
Әрбір қазақстандықтың борышы – мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және сақтау.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО