
СҚО Полиция департаментінде Мемлекеттік рәміздер күні полицейлер салтанатты жиналыс өткізіп, сап түзеді. Іс-шараны Ту көтерген сақшылар ашты. Солтүстікқазақстандық полицияның жеке құрамы Қазақстан Республикасының Гимнін орындады. Мемлекеттік символдарға құрмет көрсете отыра, мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады, полиция қызметкерлері кезекті атақтарымен погондарын тақты.
СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов ардагерлер мен жеке құрамды құттықтап, Мемлекеттік символдардың патриотизм мен қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлін атап кетті. Осы күнгі ерекше сәт погон табыстау болды. «Полиция полковнигі» атағын Полиция департаменті Штабы бастығының орынбасары Сергей Погосский алды. Полиция офицері ішкі істер органдарында 20 жыл қызмет етеді, еңбек жолын лейтенанттан бастаған ол, бүгін полковник атанды. Өз кәсіби міндеттерін адал әрі аса жауапкершілікпен атқаратын офицер әріптестерінің және халықтың құрметіне ие. «Атақ алу – маған артқан зор сенім, Қазақстан Республикасына қызмет етемін», - дейді облыстық полиция ведомствосының бірінші басшысының қолынан погон алған Сергей Погосский.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО