
Есіл ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы жоғалған бір табын қойды бір тәулік ішінде тауып берді. Бұл жайлы солтүстікқазақстандық полиция ведомствосының Instagram-аккаунтына әлеуметтік желі қолданушысы полицейге алғысын білдіре жазыпты: «Мен Спасовка ауылында тұрамын. Аты-жөнім: Айжан Тілеужанқызы Мырзанова. Қысқа мерзім ішінде жоғалған қойымды тауып бергені үшін учаскелік инспекторға алғысымды білдіргім келеді».
28 мамыр күні кешке 59 жастағы ауыл тұрғыны ауылының маңында бағулы жүрген қойларынан көз жазып қалған. Малын төрт күн бойы өз күшімен іздеген, бірақ еш нәтиже болмаған. Көмек сұрап жергілікті учаскелік инспекторға жүгінеді. Полиция майоры Ерболат Елеукин уақыт жоғалпай іздеуге кіріседі. Сол күні ауылдан 20 шақырым жерде, Жамбыл ауданындағы Баян ауылының маңынан тауып алады.
«Ерболат Елеукин 5 елді мекенге қызмет көрсетеді. Соның бірі – Спасовка ауылы, онда 122 адам тұрады, - дейді Есіл ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбеков. – Мал иелерінен, бақташылар мен жылқышылардан малды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қараусыз, бос жүрген мал ұрылардың көзіне түсіп қана қоймай, жол-көлік оқиғасына да себепші болуы мүмкін».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО