
Солтүстікқазақстандық полицейлердің іздеуінде жүрген екі қылмыскер Ақтөбе облысынан анықталды. Халықаралық іздеуге жарияланған тағы бір қылмыскер Солтүстік Қазақстан облысында ұсталды.
Өткен жылы Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғынына Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысын жасағаны үшін іздеу жарияланды. Ал оның жерлесі СҚО аумағында жасалған автокөлік ұрлығы үшін іздеуде жүрген. Үш ай бойы жүргізілген іздестіру іс-шараларынан кейін солтүстікқазақстандық жедел уәкілдерге жігіттің Ақтөбеде жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Полицейлер Ақтөбедегі әріптестеріне хабарласып, қылмыскерді қолға түсірген.
РФ Түмен қаласының 38 жастағы тұрғынын полицейлер бір ай бұрын СҚО-ның Мамлют ауданынан анықтады. Оны есірткінің заңсыз айналымы үшін ресейлік жедел уәкілдер іздестірген. Қазіргі уақытта қылмыскерлер қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.
«Жыл басынан криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстанның басқа өңірлерінде іздеу жарияланған 4 қылмыскерді, ал ресейлік әріптестері үшін 12 қылмыскерді анықтады. Облыс аумағында 21 қылмыскер іздеуде болды, оның 17-сі ұсталды. Бұдан бөлек, өткен жылдары қылмыс жасаған 10 адамның жүрген жері анықталды», - деді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО