СҚО-да полицейлер жастарға есірткінің қаупі тақырыбына кинокөрсетілім ұйымдастырды

СҚО-да полицейлер жастарға есірткінің қаупі тақырыбына кинокөрсетілім ұйымдастырды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен жастарға профилактикалық кинокөрсетілім өткізілді. Іс-шара «Балалар жылы» шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың және бейжай қарамайтын азаматттардың, атап айтқанда қоғам қайраткері Дәурен Қамзиннің қолдауымен ұйымдастырылды. Нәтижесінде қаланың ең ірі «Қазақстан» кинотеатрына полицейлер 14 пен 18 жас аралығындағы 400-ден астам колледж және мектеп оқушыларын шақырды. Жастарға 2 бөліктен тұратын «Тұздар мен спайстар. Кері қайтпас жол» деректі профилактикалық фильмі көрсетілді, аталған фильм полицейлердің тапсырысымен жасалған және 2018, 2021 жылдары YouTube бейнехостингінде, «QZ media» арнасында орналастырылған.

Кинокөрсетілімнің шымылдығын СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев, белгілі қоғам қайраткері Закиржан Мамлютов, сондай-ақ «Надежда Nord» қоғамдық қорының үйлестірушісі Евгений Заянц ашты. Деректі фильмге түскен спикерлер жастарға фильмнің мақсаты мен тарихы, қылмыскерлердің айласы, есірткінің зияны, тән мен жанның саулығы туралы айтып берді.

Фильмнің бірінші бөлігі 18 минутқа, екіншісі – 27 минутқа созылды. Фильмнің хроникасында облыстағы есірткі бизнесіне қарсы күрестің қарқыны көрсетілген, синтетикалық есірткі туралы айтылып, жақын адамның есірткіні қабылдап жүргенін анықтау жолдары туралы кеңес беріледі. Жастар фильмді қызығушылықпен тамашалап, алған әсерлерімен бөлісті. Көрсетілімнен кейін жедел уәкілдер көрермендерге жадынамалар мен буклеттерді таратты.

СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, жыл басынан облыста мектеп оқушылары мен студенттерге 100-ге жуық түрлі профилактикалық іс-шара өткізілді. Заңсыз айналымнан 18 кг түрлі есірткі заты алынып, есірткінің жарнамасымен және таратумен айналысатын 100-ге жуық сайт анықталған. Instagram, Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми аккаунттары, сондай-ақ WhatsApp мессенджерінде +7-707-500-96-65 нөмірінде «сенім телефоны» жұмыс істейді, бұл нөмірге облыстағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау желісіне қатысты барлық мәселелер бойынша жүгінуге болады.

2 части фильма:

https://youtu.be/mL3s88H1lAE

https://youtu.be/Jdg7X1qt_Vk

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО