СҚО полицейлері нашақорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты күшейтті

СҚО полицейлері нашақорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты күшейтті

Есірткіге қарсы айлық шеңберіде полицейлер нашақорыққа қарсы күресті күшейтті. «Есірткісіз болашақ» деген ұранмен Қызылжар ауданында оқушылар велосипедпен жүріп өтті. Қырыққа жуық велосипедші іс-шараға қатыса отыра, өздерінің есірткіге қарсылықтарын білдірді. «Айналамызда қызықты нәрселер, спорттық ойындар көп. Ал есірткі – өмірге зиян келтіретін зор қауіп. Бұл туралы нақты фактілер көп көрсетіледі. Қорқынышты», - дейді велосипедші Руслан Клоков.

Барлық іс-шаралар 26-шы маусым аталып өтетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналды. Полицейлер Психологиялық денсаулық орталығының қызметкерлерімен бірлесе өткізген «Темекіні кәмпите айырбаста» акциясы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Темекісін кәмпитке айырбастағысы келген петропавлдықтар біраз болды. Кейбіреуі жаман әдеттерден гөрі тәттілерді тәуір көретіндерін айтты. «Осындай ерекше іс-шаралар арқылы жастарға ой салғымыз келеді. Осы ай бойы түрлі акциялар, спорттық ойындар өткізілетін болады. Басты мақсат – есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстауға шақыру», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан заңсыз айналымнан 18 килограмм түрлі есірткі заттары алынды, есірткі жарнамалайтын және тарататын 97 сайт анықталды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО