
Петропавлда онға жуық бүлдіршін Балаларды қорғау күнінде полиция автопаркіне барып қайтты. Патрульдік полиция батальонында барлық келем деушілерге есік айқара ашық екенін білген ата-аналар мерекелік күнді полиция бөлінісіне барудан бастаған. Патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов балаларға патрульдік автокөліктерді, станционарлық радиостанцияларды, сигналды-дыбыстық құрылғының жұмысын көрсетті. «Балалар полицейлерден қорықпауы тиіс, олар полицейлерді қорғаушы ретінде қабылдап, сенуі керек. Бүгін олар бұған көз жеткізді», - деді полиция подполковнигі.
Глеб Числовтың анасы іс-шара туралы әлеуметтік желілерден білген және екеуі полиция бөлінісіне қуана келген. Балақай каска мен полицейлердің кеудешесін киіп көрді. Ал 3 жасар Давид Федоров полиция көліктеріне ерекше қызығушылық танытып, көліктен көлікке сирена дыбысын келтіре жүгірді. «Біз полицейлердің бізді қорғайтынын білеміз, олар қылмыскерлерді ұстайды. Олар мейірімді, адамдарға көмектеседі», - деп полицейлер туралы пікірлерін білдірді кішкентай қонақтар.
Күн сайын Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға 400-ге жуық полиция қызметкері шығады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық полиция қызметкерлері үшін басымды міндет болып табылады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQO_PD_ҚазақстанПолициясының30жылдығы
#SQO_PD_30летиеКазахстанскойПолиции