
Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында Жол қозғалысы ережелерінің түрлі бұзушылықтарын жасаған 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Статистика көрсеткендей, Жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарының басым бөлігі жылдамдық режимін бұзуға қатысты болған. Бұндай 3369 факті тіркелді. Полицейлер елді мекендерде көлік құралдарының жылдамдығы сағатына 60 км аспауы, арнайы тиісті жол белгілерімен белгіленген қозғалыс режимдерін қоспағанда, сағатына 90 км аспауы, тұрғын үй аймақтарында және аула аумақтарында сағатына 20 км аспауы тиіс екендігі туралы еске салды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 592-бабы «Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру» бойынша 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген.
«Ауа райы жылысымен жолда көлік саны арта түседі. Көп жағдайда жол-көлік оқиғалары жылдамдық режимін бұзатын жүргізушілермен жасалады. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды Жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай сақтауға шақырамыз. Сапарға шықпас бұрын жүргізушілер көліктің жағдайына назар аударуы қажет. Сондай-ақ, үй жануарларының макеттері орнатылған қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты азайтып, аса сақ болу қажет», - дейді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.
Жалпы Жол қозғалысы ережелерінің 11 мыңнан астам өрескел бұзушылығы анықталды. Сондай-ақ, рөлде телефонмен сөйлесудің 1402 фактісі анықталған.
#ҚРІМ #МВДРК # КНИИМ # МВДРК #Полиса #Полиция #Полиция # СКОПД # СКО_ПД # СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО