Петропавл қ. полицейлері плацта балаларға мереке ұйымдастырды

Петропавл қ. полицейлері плацта балаларға мереке ұйымдастырды

Түнгі рейдтер, тәуліктік кезекшілік, 24/7 уақыт бойы байланыста болу қажеттігі – облысымыздың ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қ. Полиция басқармасы үнемі алдыңғы қатарда. Құқық қорғау органдарындағы қызмет отбасылық өмірге уақыт қалдырмайды. Жақындарымен әңгімелесіп, уақыт бөлу полиция қызметкерлері үшін аса маңызды.

«Балалар жылы» шеңберінде және 1 маусымның қарсаңында қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерінің балаларына мереке ұйымдастырылды. Полиция басқармасының алаңында импровизацияланған концерттік және ойын алаңдары жасалды. Кәсіби аниматорлар өнер көрсетіп, сабын көбіктерінің шоуы көрсетілді, ән айтылып, би биленді – балалар ата-аналарымен бірге көңіл көтерді.

«Шпули және Нолик фиксиктері рөліндегі аниматорлар балаларға тоңазытқыш, кофе ұнтақтағыш, теледидар, желдеткіш және электр құралдардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Бағдарламада көңілді музыка қосылып, би биленді. Сабын көбіктерінің шоуы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мереке соңында әр балаға шоколад пен «Мир аттракционов» саябағына билет табыс етілді. Қалалық Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесі, аниматорлар мен «Мир аттракционов» саябағының қызметкерлеріне алғыс білдіреміз», - деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Сағындық Темиреев.

Халықаралық балалар күні мерекесінде полиция қызметкерлері облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау үшін дәстүрлі түрде ерекше режимде қызмет атқаратын болады. Тәртіп сақшылары ата-аналарға бүлдіршіндермен қосымша әңгіме жүргізуге кеңес береді, олар өздерінің аты-жөндерін, тұратын мекенжайлары мен ата-аналарының телефон нөмірлерін білуі тиіс. Адамдар көп жиналатын орындарға, алаңдарға барған кезде баланың қалтасына аталған ақпаратты жазып салып қойған жөн, бұл қажет болған жағдайда полицейлерге қоғамдық орында жоғалған бүлдіршіннің ата-анасын жедел анықтауға көмектеседі.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО