СҚО-да жоғалған 24 жастағы жігітті ата-анасы полицейлермен және еріктілермен бірге іздестіруде

СҚО-да жоғалған 24 жастағы жігітті ата-анасы полицейлермен және еріктілермен бірге іздестіруде

Мамырдың 25-сі күні Айыртау ауданының полиция бөліміне 24 жастағы Зарва Анатолий Николаевич 15 мамыр күні таңертең Саумалкөл аудан орталығындағы үйінен кетіп, қайтып оралмағаны туралы арыз келіп түсті. Жас жігітті іздеуге полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және белсенділер жұмылдырылды. Іс-түзсіз жоғалған адамға арналған фотобағдарлар барлық аумақтық полиция бөліністеріне жіберілді; мессенджерлердің чаттарына, сондай-ақ бұл ақпарат әлеуметтік желілердегі танымал топтардың әкімшілеріне жіберілді.

Анатолий Зарваның ерекше белгілері: бойы 190-192 см, денелі, шашы қысқа қоңыр. Үстінде: қою көк жемпір, қою жасыл түсті футболка, көк джинсы шалбар, қара кроссовка болған.

«Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білсеңіздер, 8 (715) -33-2-18-06, 8 (715)-33-2-17-50, 8 (775) 448-75-83 немесе «102» арнасына хабарласыңыздар, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев.

Жыл басынан СҚО полициясына іс-түзсіз жоғалғандар туралы 142 хабарлама түсіп, оның 140-ы табылды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО