Петропавлда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Петропавлда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Петропавл қаласындағы «Dostyq Mаll» сауда ойын-сауық орталығында жарылыс қаупі туралы белгісіз адамдар хабарласқан. Сауда үйінің ғимаратынан 700-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Келіп жеткен полиция қызметкерлері оқиға орнын тексерді. Арнайы бөліністің қызметкерлері жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде жарылыс құрылғысы немесе басқа да күдікті заттар табылған жоқ.

Қазіргі уақытта жалған террористі анықтау және ұстау бойынша шаралар қолданылуда. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Биыл екі солтүстікқазақстандық сотталып, бір және екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО