
Солтүстікқазақстандық полицейлер мен «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы облыстық филиалы қызметкерлері балаларға спорттық іс-шара ұйымдастырды. Дәстүрлі түрде өткізілетін «Динамо - Қазақстан балаларына» республикалық акциясы Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналды.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында спорттық мерекеге мектеп оқушылары, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының және түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы облыстық филиалының бас маманы Галина Скорых тек спорттық қана емес, сонымен қатар балалардың шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі сайыстар ұйымдастырды. «Достық», «Барс» және «Диор» атты үш командаға бөлінген балалар асфальтта түрлі - түсті борлармен полиция қызметінің атрибуттарын салды. Дартс жарысы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады, ұлдар арасында - Виталий Власов, қыздарда Ангелина Новолатова үздік нәтиже көрсетті.
«Сайыста қызықты конкурстар да болды, бірінде жұмбақтарды шешу қажет болды, біз оны жақсы орындап шықтық. Эстафеталарда қарсыластарымыз мықты, барлығы белсенді болды. Маған қатты ұнады», - деді 24-ші мектептің оқушысы Снежана Метелева.
«Биылғы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Қоғамымыздың міндеті – балаларға қамқорлық көрсету. Мұндай іс - шаралар біріктіріп қана қоймай, құқықтық тәрбиеге, құқықтық сананы нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы полиция подполковнигі Жанат Сағденов.
Кездесу соңында ювеналдық полицейлер өзен-көлдердегі, жолдағы қауіпсіздік шаралары және қауіпсіз жүріп-тұру ережелері туралы айтып берді. Барлық қатысушыларға дәмді сыйлықтар табысталды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО